Нидерланды Қазақстанда теңіз институтының филиалын ашады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нидерланды Қазақстанда теңіз институтының филиалын ашады

Нидерланды Қазақстанда теңіз институтының филиалын ашады

Нидерланды Корольдігінің теңіз институты Қазақстанда өз филиалын ашу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды ҚР сыртқы істер министрлігінің (СІМ) баспасөз қызметі.

  • 2 Маусым 2011
  • 435
Фото - Caravan.kz

«…Қазіргі уақытта Нидерландының теңіз институты Батыс Қазақстанда өз филиалын ашу мүмкіндігін қарастырып жатыр», — деп хабарлайды баспасөз қызметі Нидерланды теңіз институтының өкілі Виббо Хофманға сілтеме жасап.

Маастрихтегі мұнай-газ бизнесін дамыту мәселесіне арналған конференцияның қорытындысы бойынша таратылған ақпаратқа сәйкес, мұнайшы-сарапшылардың бағалауынша, Каспий теңізінің қазақстандық секторында қысқы ауа райы жағдайлары арктикалыққа жақын. Голландиялық және канадалық мамандар қазақстандықтардың ауа температурасы +40 до -40 Сдейін өзгеретін Каспий қайраңында мұнай кен орындарын игеру тәжірибесіне қызығушылық танытты.

«Ауа райының қатаң жағдайларына қарамастан, голландиялық және басқа да шетелдік компаниялар жұмыстарын жалғастырып жатыр, оның үстіне трансұлттық алыптардың қазақстандық кен орындарындағы белсенділігі артып отырғаны байқалуда», — делінген СІМ ақпаратында.

Қатаң климат жағдайларында мұнай-газ бизнесін дамыту Маастрихте 31 мамыр 1 маусым аралығында өтті. Қазақстанға жеке сессия арналды.

«Willem Barentsz» теңіз институты Роттердамда орналасқан.

Соңғы жаңалықтар