Бұған дейін бағдарлама тізгінін ұстаған, арна айнасына айналған Гүлназ Әлімгерей бүгін эфир тізгінін жаңа жүргізушіге табыстап, декреттік демалысқа шықты. Әйгерім Сейфолла көпшілікке сұхбат жанрындағы тележобалар арқылы танымал.
Мұқтаж жандар мен қолы ашық қалың бұқараның арасында көпір болуды мақсат еткен «Niet» әлеуметтік бағдарламасы көрерменге өткен жылдың қыркүйек айында жол тартты. Бүгінге дейін түрлі тақырыптағы 90-ға жуық хабар эфирге шықты.
Көмекке зәру жандардың өтініш-тілектері +7 776 535 0751, +7 701 555 0751 нөмірлері бойынша кез келген уақытта қабылданады. Хабар барысында сауал жолдап, пікір білдіру үшін 8 (717) 2 75 71 71, +7 701 5550751 (Whatsap) байланыс телефондары жұмыс істейді.