Елші екі елдің геосаяси орналасуы ұқсас екендігін, маңызды халықаралық көліктік дәліздердің қиылысында орналасқандығын атап көрсетті. Нигерия мемлекеті көлік коммуникациясын, әсіресе темір жол саласын дамытуға ұмтылуда.
Еліміздің көлік және коммуникация министрлігінің жүзеге асырып жатқан концессиялық жобаларына, темір жолдың салыну барысына, инвестицияларды тарту жайына елші қызығушылық танытты.
С.Рақымбекова өз кезегінде қонақтарды Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көліктік стратегияның негізгі даму бағыттарымен, таяуда ғана өткен «Трансевразия 2008» халықаралық конференция аясында ұсынылған инвестициялық жобалармен таныстырып өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті