««Боко харам» содырының Аджилари мешітінде қолдан жасалған жарылғыш затты іске қосқанын және тағы бірнеше содырдың тура сондай құралдарды қаланың ақпараттық-туристік орталығының ғимаратына салғанын шамалап отырмыз. Қазіргі кезде құрбан болғандардың жалпы саны — 54 адам», — деп хабарлады Нигерия полициясы.
Майдугури қаласы бар Борно штаты содырлардың шабуылына жиі ұшарып тұрады. Соңғы үш айдың ішінде «Боко Харам» тобының содырлалы кем дегенде 800 нигериялық азаматты өлтірді.