Нигериялық мафия туралы мәлімет Ақжарқынның пайдасына дәлел болуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нигериялық мафия туралы мәлімет Ақжарқынның пайдасына дәлел болуы мүмкін

Нигериялық мафия туралы мәлімет Ақжарқынның пайдасына дәлел болуы мүмкін

Ақжарқын Тұрлыбайдың қазақстандық адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов  интервью берген кезінде нигериялық мафия туралы мәлімет Ақжарқынға пайдасын әкелуі мүмкіндігін айтады, - деп хабарлайды http://today.kz/.

  • 12 Тамыз 2015
  • 819
Фото - Caravan.kz

"БАҚ және ресми дерек көздерде Ақжарқын Тұрлыбай ісіне нигериялық қылмыстық ұйымның қатысы бары айтылып жатыр. Осыған байланысты, мен іске ұйымдасқан топтың қатысы барын жоққа шығармайтынымды атап өткім келеді. Сондай-ақ, мен ұқсас жағдайға түскен өзге мемлекеттердің азаматтары туралы ақпаратқа назар салып жүрмін, атап айтсақ, Вьетнамдағы ресейлік Мария Дапиркаға қатысты. Оның жағдайы отандасымыздың жағдайына өте ұқсас. Мұны Ақжарқын Тұрлыбайдың тыйым салынған жүкке қатыссыз және кінәсіз екендігіне дәлел етіп қарастыруға болады", — деп түсіндірді адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов.

Қазіргі уақытта сотталушы қазақстандық жақ істің аппеляциялық қарастырылуын күтуде. Оның уақыты әлі ашық күйінде қалып отыр, деп хабарлады адвокат.

Today.kz тілшілері Сұңқар Нұрмағамбетовпен бірге қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбай мен ресейлік Мария Дапирканың жағдайларына аналогия жасап көрді. Нәтижені төмендегі кестеден көруге болады.

Істің жағдайы

Ақжаркын Тұрлыбай

Мария Дапирка

жасы

20 жас

29 жас

қызметі

Студент, кафеде даяшы болып істеген

Тайландта туристтік бизнесте жұмыс істеген

Азаматтығы

Қазақстан

Ресей

Ұсталған орны

Гуанчжоу әуежайы (ҚХР)

Хошимин әуежайы (Вьетнам)

Тәркіленген жүк

Обнаружены наркотики в багаже (амфитамин)

Обнаружены наркотики в багаже (кокаин)

Объем

4 килограм

3 килограм

Себептік байланыс


Брендтік тауары бар сөмкені тасыған, нигериялық берген

Жасырын бөлігі бар чемодан, нигериялық сыйлаған

Қатысты адамдар

Нигериялық, Джонни аты таныс адам

Нигериялық, Ник атты жігіті

CARICCмәліметтер

Нигерялық мафия құрбаны

Нигерялық мафия құрбаны

Бағыты

Оңтүстік-шығыс Азия

Оңтүстік-шығыс Азия

Жаза

Өмір бойы бостандығынан айыру (үкім шықты)

Өлім жазасы (сот үкімі әлі шықпады)

Естеріңізге салсақ, есірткі заттарының, психотроптық заттардың заңсыз айналымымен күресудің Орталықазиялық аймақтық ақпарат орталығының (CARICC) мәліметі бойынша Қытайда өмір бойы бас босатандығынан айырылған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбай нигериялық мафияның құрбаны болғаны белгілі болды. CARICC қызметкерлері халықаралық мафия әдетте қыздарды алдап тартатынын ескертеді. Бірнеше жыл бойы CARICC "Қара қызғалдақ" атты халықаралық операцияны үйлестіруде. Көп мәлімет жиналды, арнайы қызметтер өткізген операция нәтижелері топтастырылуда. Дегенмен, орталықтағылар, нигериялық есірткі мафиясы жаңа құрбандарды тауып алып жат0анын айтады, соның ішінде қазақстандық жас қыздар арасында.

20 жасар қазақстандық ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Гуанчжоу әуежайында есірткі заттарның контрабандасы айыбымен ұсталған болатын. Ақжарқын тұрлыбай Қытайға сәндік киімнің курьері ретінде табыс табуға кеткен. Ақжарқын кінәлі еместігін айтады, оның сөзінше, есіртікіні оған т8нг3 клубта бірге істеген адамдар білдірмей салып жіберген. 15 маусым күні Қытай соты Ақжарқын Тұрлыбайды өмір бойы бас бостандығынан айырған болатын.

Соңғы жаңалықтар