Николь Шерзингер қатысатын концертке билеттер сатылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Николь Шерзингер қатысатын концертке билеттер сатылуда

Николь Шерзингер қатысатын концертке билеттер сатылуда

Астана қаласының кассаларында «Асқақтай бер, Астана!» іс-шарасы аясында Pussycat Dolls тобының ең беделді мүшесі,

  • 13 Маусым 2013
  • 413
Фото - Caravan.kz

танымал әнші америкалық әнші Николь Шерзингер қатысатын концертке билеттер сатыла бастады. Бұл жайында astana.kz сайтына Астана қаласының 15 жылдық мерейтойын ұйымдастырушы комитеттің медиатобы мәлім етті.

Жыл сайын қала күніне орай Қазақстан және шетел жұлдыздарының қатысуымен өтетін бірегей гала-концерті «Асқақтай бер, Астана!» елорданың өзіндік бренді ретінде қалыптасып үлгерді.

Биылғы концерт «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Концертке отандық эстраданың танымал өнерпаздарымен қатар әлемдік жарық жұлдыздар қатынасады деп күтілуде.

Мерекеде Луина, Әли Оқапов, Assyl этно-тобы, «Арнау» дуэті, Son Pascal, K-Rim, А-Студио, Дискотека Авария, Потап пен Настя сынды өнер жұлдыздары ең танымал туындыларын Астана қаласының 15 жылдық мерейтойына арнамақ.

Перейти к новостям спорта