Бұл туралы “Stan.kz” хабарлайды.
Осыдан бірнеше күн бұрын топ әлеуметтік желіде баяндарының тизерін жарнамалап жұртты елең еткізген-ді. Енді міне “Қайтадан” атты әнге түсірілген бейнебаян дайын болып үлгерді.
“Ninety one” Алматыдағы Грандпаркте тыңдармандарының басын қосып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мұнымен қатар, кеш барысында жаңа бейнебаяндарының тұсауын кесті.
Аталған әннің сөзі – Мұхамедқалиев пен Зенкаевке, ал әуені Бақытжанға тиесілі. Әзірге тыңдармандары туындыға тек оң бағасын берген.