Ninety One тобы жуырда киімдер топтамасын ұсынбақ - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ninety One тобы жуырда киімдер топтамасын ұсынбақ

Ninety One тобы жуырда киімдер топтамасын ұсынбақ

Атышулы топ биылғы жылдың күз мезгілінде Q- GENERATION брендінің киімдерін таныстырмақ. Аталған бренд – Juz Entertainment және жас дизайнер Bibotta’ның бiрiгiп жасаған жұмысы.

  • 19 Шiлде 2016
  • 2476
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“QG” (кьюджи) брендi – ыңғайлық пен стильге негiзделген, минимализм және sport casual стилiндегi жастардың әр күндік киiмi. Бренд жасаудың мақсаты – қол жетiмдi бағаға елiмiзде жасалған заманауи киiмдермен Қазақстан жастарын киiндiру.

QG маркасымен жейделер, бомберлер, көйлектер, рюкзактар, аксессуарлар және мектеп құралдары секiлдi күнделікті киiмдер шығарылатын болады. Брендтiң таныстырушысы Q-pop стилiнiң негізiн қалаушы – Ninety One тобы.

13320188_1578802759085772_2146427450_n


13129215_537998446378840_660440890_n

“Eaglez, біз жаңа кезеңге қадам басқалы жатырмыз. Сіздер бізбен біргесіздер ме? Сіздерді жылулық пен махаббатқа толы киімдерімізбен киіндіргіміз келеді. Арамыз тағы да жақындай түссе екен деген ниеттеміз”, – дейді Ninety One жігіттері.

Жігіттердің бұл жаңалығын естіген тыңдармандары қуанып қалды. Алдағы уақытта міндетті түрде аталған брендтің киімдерін сатып алатындықтарын жарыса жеткізді.