Спортшыларымыз бірер аптадан кейін өтетін Азиада ойындарында еліміздің абыройын қорғамақ. Біз құрама спортшыларын қызу қолдайтын боламыз, себебі біз бәріміз бір командамыз", — дейді еркін күрестен спорт шеберлігіне кандидат, Қазақтың Абай атындағы Ұлттық педгогикалық университетінің 3 курс студенті Низами Мамедев.
Жас спортшының айтуынша, Азиялық ойындар — спортшылар үшін өте жауапты жарыс қана емес, ол бүкіл еліміз үшін айтулы оқиға. «Азиада Қазақстанның әлемдік спорттағы ролі мен орнын бекітеді. Спортшыларымыз еліміздің туын көкке көтереді және көп медаль қанжығалайды деген үміттеміз»,- дейді ол.
Еліміздің өскелең ұрпағы Азиададан кейін спортқа жаңаша көзқараспен қарайтындығына нық сенім білдірген жас палуан Низами Мамедов: "Осынау байрақты бәсекеден кейін кекілді ұлдар мен бұрымды қыздар салауатты өмір салтына бейімделіп, спортпен белсенді айналыса бастайды деп ойлаймын», — деді.