Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 25 қыркүйекте Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Астанаға келген Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік елдерінің үкімет басшыларымен кездеседі.
Кездесуде еуразиялық экономикалық ықпалдастықты әрі қарай тереңдету мәселелері талқыланады, деп бүгін мемлекет басшысының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Сонымен қатар, 2013 жылы 29 мамырда Астана қаласында өткен Жоғарғы экономикалық кеңесінің отырысы барысында қол жеткен уағдаластықтарды жүзеге асыру талқыланады.