Н.Назарбаев Астанадағы жаңа Мұз сарайында болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н.Назарбаев Астанадағы жаңа Мұз сарайында болды

Н.Назарбаев Астанадағы жаңа Мұз сарайында болды

Нұрсұлтан Назарбаев Астанада қыс спортын барынша дамыту керектігін айтты. «Өйткені Арқада алты ай қыс болатындықтан тұрғындардың басым бөлігі спорттың дәл осы түріне бейім келеді» деді жаңадан салынған Мұз сарайына келген Президент.

  • 11 Тамыз 2015
  • 237
Фото - Caravan.kz

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

— Қыс ойыны жағынан,  қыс спорты жағынан біз алдыңғы  қатарда болуымыз керек. Өздеріңіз көріп отырсыздар, 12 мың адам ішінде отыратын үлкен стадион салынды. Бұнымен қоса, бұл стадионның ішінде тек қана  мұз ойыны — хоккей ғана емес, волейбол, баскетбол, теннис барлық ойынды ішінде жүргізуге болады. 

Осылайша, жаңа Мұз сарайының алғашқы қонағы Нұрсұлтан Назарбаев болды. Жас спортшылар Елбасыға арнап шоу ұйымдастырған екен. «Барыс» хоккей клубының  6 және 16 жас аралығындағы тәрбиеленушілері айдынға шығып, салтанатты сап түзеді. Кейін бірінші қабаттағы «Барыстың» фирмалық дүкеніне кірген Нұрсұлтан Назарбаевқа хоккейшілер бас киім мен клубтың белгісі бар шарф сыйлады. Айта кету керек, Астанада ашылған  мұз айдынында  дүниежүзілік жарыстарды өткізуге болады. Сарай жанында хоккей академиясы, кәсіби жүзумен айналысуға болатын бассейн де бар. Су жаңа мұз айдынының шымылдығын Президент кубогының турнирі ашты. Оған «Барыстан» бөлек Ресейдің бірнеше клубтары қатысып жатыр. Ең бастысы — бұл стадиондар өз шығынын өзі ақтайды.

Соңғы жаңалықтар