Н.Назарбаев батыстағы 4 облыстың әкіміне қалай жұмыс істеуді үйретті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н.Назарбаев батыстағы 4 облыстың әкіміне қалай жұмыс істеуді үйретті

Н.Назарбаев батыстағы 4 облыстың әкіміне қалай жұмыс істеуді үйретті

Нұрсұлтан Назарбаев Сочиден соң Атырауға келіп, батыстағы 4 облыстың әкімдеріне қалай жұмыс істеуді үйретті. Елбасы мұнай мен газға бай аймақтың кемшіліктерін шұқып көрсетіп, олқылықтарды дереу жоюға пәрмен берді. Осы жерде мемлекет басшысы шетелдің өнімін тасуға әуес шенеуніктерді сынап, отандық брендтті жалғыз өзі жарналамап жүргенін еске салды. Тіпті Қазақстанда тігілген бешпет-шалбарын да көрсетті.

  • 18 Қыркүйек 2015
  • 300
Фото - Caravan.kz

Батыстағы төрт облыстың басшылары мен бірнеше министр бүгін Атырауда бас қосты. Елбасының қатысуымен өткен үлкен жиында сөз болған басты тақырып – мұнай-газ саласының жай-күйі мен елді есеңгіретпей дағдарыстан алып шығу жолдары туралы. Дегенмен алғашында атқарған істерін тізіп, мақтауды үйіп төгіп жатқан шенділерді Елбасы шетінен тыйып тастады.

— Хотелось поблагодарить Нурсултан Абишевич вашу поддержку по траншу 2,7 млрд долларов, теперь мы пока еще не получили, но…

— Слушай, все твое выступление состоит из благодарностей,то правительство, то это. Рассказывай что решено давно уже, все это работает, сейчас расскажи состояние дел какое?

Әдемі сөзбен әсерлі етіп, атқарған ісін баяндай бастаған Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов те ескерту алып тынды.

— Сен олай деп мақтана берме.

— Мақтанып жатқан жоқпын, Нұрсұлтан Әбішевич

— Ақырындап істе.

— Дұрыс, айтасыз.

— Қайтесің, бас жаққа барыспа, өз шаруаңды бітір.

Назарбаев тұралап қалған аймақтағы жеңіл өнеркәсіпке жеке тоқталды. Мұнай-химия, ауыл шаруашылығы мен шекаралық аймақтардағы сауда да басты назарда. Осыған байланысты Елбасы төрт облыстың әкімдеріне нақты тапсырма жүктеді. Өндірісі жолға қойылған кәсіпорындар да бар. Мұны мақтанышпен атап өткен президент үстіндегі бешпетінің де отандық өнім екенін айтып, киімді шетелден іздейтін шенеуніктерге тегін жарнама да жасап жіберді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

— Вот, ваша покорная слуга сидит в костюме казахстанского производства, могу вам показать, вот казахстанская легкая промышленность, и туфли у меня тоже казахстанские, вот видишь, я полная реклама для нашей легкой промышленности. Асет,ну-ка, встань, вот чем хуже казахстанский костюм, я не говорю у него какое белье, я незнаю, но то, что мы видим, нормальное.

2 сағаттан астам уақытқа созылған жиын соңын президент қазіргідей қиын жағдайда елді арандатып, іштен іріткі салатындарға жазаның қатаң болатынын ескертіп қорытындылады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

— Егер де осындай қиын-қыстау кезеңді пайдаланып,арандатушылар пайда болатын болса ішімізден, өтірік айтып, бізге жала жабатын адамдар болса, оларға заңды түрде әкесін танытып тұрып жаза береміз! Предупреждаю!

Соңғы жаңалықтар