Н.Назарбаев Беларусь президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н.Назарбаев Беларусь президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Н.Назарбаев Беларусь президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Ақмола облысына қарасты Бурабай кентінде басталған Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы барысында

  • 16 Қазан 2015
  • 411
Фото - Caravan.kz


ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Отырыс басталар алдында бәріміз әріптесіміз әрі досымыз Александр Григорьевич Лукашенконы президенттік сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтап, оған осынау жауапты лауазымда зор денсаулық пен табыстар тілегеніміз дұрыс деп ойлаймын. Сіздің басшылығыңызбен Беларусь барлық бағыттағы біздердің интеграциялық процесстерімізді одан әрі нығайта береді деп сенемін», — деді ҚР Президенті.
 Сонымен қатар Мемлекет басшысы А.Атамбаев арқылы қырғыз халқын 4 қазанда парламенттік сайлаудың табысты өтізуімен құттықтады. «Бұл айрықша оқиға. Өйткені, көптеген жылдардан бері сайлау алғаш рет тыныш өтті жән халық бейбіт мемлекетте өмір сүруді қалайтындығын  кезекті мәрте өз даналығымен көрсетті», — деді Н.Назарбаев.
Айта кетейік, жоғары деңгейдегі отырысқа Армения Президенті Серж Саргсян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырызстан Президенті Алмазбек Атамбаев, Ресей Президенті Владимир Путин, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Президенті Ислам Кәрімов, Молдова  Сыртқы істер жне еуропалық интеграция министрінің орынбасары Андрей Галбур, Түркіменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары Сатлық Сатлыков, Украинаның Қазақстандағы істерінің уақытша сенімді өкілі Юрий Лазебник, ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы — атқарушы хатшысы Сергей Лебедев қатысуда. 

Соңғы жаңалықтар