Н.Назарбаев: «Доллар бағамын көтермей ұстап тұру-бюджетке қып-қызыл шығын» - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н.Назарбаев: «Доллар бағамын көтермей ұстап тұру-бюджетке қып-қызыл шығын»

Н.Назарбаев: «Доллар бағамын көтермей ұстап тұру-бюджетке қып-қызыл шығын»

Бүгін ұлттық валюта бағамының неліктен құлдырағанын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та түсіндіріп берді.

  • 21 Тамыз 2015
  • 537
Фото - Caravan.kz

Бұған ең әуелі әлемді жайлаған дағдарыс пен ел экономикасына төнген қауіп себеп болған. Осындай қысылтаяң уақытта теңгенің долларға шаққандағы бағамын көтермей ұстап тұру-бюджетке қып-қызыл шығын. Сондықтан мұндай қадамға шатқаяқтаған экономиканы құтқару үшін барғанын айтып, жұртты сабырға шақырды.

Тығырықтан шығар жол іздеу үшін бүгін Президент Үкімет пен кәсіпкерлерді Ақордаға шұғыл шақыртып жиын өткізді. Назарбаев оларға елімізді қаржы тапшылығы күтіп тұрғанын ескертіп, дағдарысқа қарсы тұру үшін бірқатар тапсырма берді. Сөйтіп, еліміз экспорттайтын шикізаттың бағасы арзандағаны өз алдына, оған сұраныс төмендеп кеткенін Елбасы да айтты. Бұл жағдайдан кейін бюджетке түсім азайып жатыр. Сондықтан Ұлттық қордың резервінде қалған қаржыны доллар бағамын ұстап тұру үшін жұмсағанша, дағдарыстан шығу үшін пайдаланған жөн екенін қадап айтты. Әрі кәсіпкерлерге қол астындағы қызметкерлерін жұмыстан шығармай, керісінше басекеге қабілеттілікті арттырып, табыс табу жолдарын қарастыруды ұсынды. Өйткені қазірдің өзінде бірқатар зауыттар жұмысшыларын қысқартып үлгеріпті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

—  Істеліп жатқан жұмыстың барлығы халықтың қамы. 24 жыл тәуелсіздік ішінде аз қиындық болған жоқ. Бірақ барлығымыз бірлігіміздің арқасында одан өттік. Мен қиындықтың болатынын сездім. Әйтпесе сайлауға түспес едім. Елді осындай қиындықтан алып шығу жүктелетінін білдім. Сондықтан ауыз бірлігіміз бұзылмасын. Қиындықтан шығамыз.

Соңғы жаңалықтар