Н.Назарбаев: ДСҰ Қазақстанды ауыл шаруашылығын субсидияламауға мәжбүрледі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н.Назарбаев: ДСҰ Қазақстанды ауыл шаруашылығын субсидияламауға мәжбүрледі

Н.Назарбаев: ДСҰ Қазақстанды ауыл шаруашылығын субсидияламауға мәжбүрледі

Дүниежүзілік сауда ұйымы Қазақстанды ауыл шаруашылығын субсидияламауға мәжбүрледі. Бұл туралы бүгін астықты өңір әкімдерімен кеңес өткізген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты. 

  • 7 Қыркүйек 2015
  • 509
Фото - Caravan.kz


«Мемлекет қажетті барлық қолдау шараларын көрсетуде. Біз ДСҰ-ға кіру барысында осы үшін күрестік. Біздерді ауыл шаруашылығын субсидияламауға мәжбүрледі. Біздерге бәсекеге қабілетті емессіңдер деді. Біз мұны басқалары да жасап жатқанын дәлелдедік. Бірақ, қалай болғанда да бұл істе абай болған жөн», — деді Елбасы. 

Мемлекет басшысы алға тартқан деректерге сәйкес, соңғы 5 жылда үш өңір (Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай) елімізде барлық ауыл шаруашылығына бөлінген субсидияның үштен біріне ие болды. Яғни, 135 млрд. теңге, лизинг бойынша 3,5 мың бірлік техника және «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 51 мың бас асыл тұқымды ірі қара мал осы облыстарға берілді. «ҚазАгро» компаниясы осы өңірлерде 103 млрд. теңгенің 170 жобасын іске асырды.

«Міне, осы жұмыстардың арқасында 5 жылдың ішінде үш облыстағы өнімділік 2 есе артып, бір жұмысшыға 1,2 млн. теңгені құрады. 5 жылдың ішінде жақсы көрсеткіш, бірақ, біздер үшін бұл жеткіліксіз», — деді Н.Назарбаев. 
Елбасы қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты үшін зор әлеует бар екендігін баса айтты. 

«Егер таяу жатқан көршілердің сұранысын қарайтын болсақ, ол 210 млрд. теңгені құрайды. 20 млрд. доллардың өнімін экспортқа шығара аламыз. 4,5 млрд. доллар — бұл ішкі ресурс, ішкі нарықта да сатуға болады. Яғни, дұрыс нарық бар. Бұған қоса, біз әзірше осынау зор әлеуеттің шағын ғана үлесін пайдаланудамыз», — деді Мемлекет басшысы. 
ҚР Президентінің атап өтуінше, Қазақстанның аграрлық секторы әзірше экономикамыздың негізгі әртарабы болып отырған жоқ. 

«Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі деңгейі бойынша біз Беларусь пен Ресейден 2 есе, ал ЕО, АҚШ, Канада және Австралиядан 10 есе қалып отырмыз», — деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар