Н.Назарбаев еңбекақыны арттыру мәселесіне байсалды қарауға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 459.6
  • 493.06
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н.Назарбаев еңбекақыны арттыру мәселесіне байсалды қарауға шақырды

Н.Назарбаев еңбекақыны арттыру мәселесіне байсалды қарауға шақырды

Еңбекақыны көтеру мәселесіне байсалды тұрғыдан келу қажет, деп санайды Нұрсұлтан Назарбаев.

  • 4 Желтоқсан 2012
  • 291
Фото - Caravan.kz

«Бізде нарықтық экономика. Біз кеңестік кезде өмір сүріп жатқан жоқпыз. Бәрі де еңбекпен келеді. Егер жұмысшылар бір нәрсені талап етсе, салмақтап қарау қажет», — деді Н.Назарбаев аймаққа жұмыс сапары барысында Қарағанды облысы әкімдігінде жұртшылықпен кездесуінде.

Мемлекет басшысы, ең алдымен өндірісті дамыту туралы ойлау қажет, деп атап көрсетті. «Егер комбинат тұрып қалса, ешкімге де ештеңе тимейді. Біз осыны түсіндіруіміз қажет. Бұл Жезқазғанның, Балқаштың, Теміртаудың металлургтері мен Қарағанды шахтерлеріне қатысты», — деп атап өтті Н.Назарбаев.

Ол өткен ғасырдың 90-шы жылдарындағы ауыр кезеңді есте сақтауға шақырды. «Біз 1992-1993 жылдары еңбекақыны ғана емес, зейнетақыны да төлей алмағанымызды ұмытып кеттік. Жұмысшыларға ғана емес — мұғалімдерге, дәрігерлерге. Біздің дүкендеріміздің сөрелері бос жатты, бәрін басынан бастадық. Біз осының бәрін ұмытып кеттік», — деп қосты Мемлекет басшысы.

Сонымен бірге Елбасы еліміздің бүгінгі дағдарысқа төтеп бере алғанын тілге тиек етті.

«Әлем өте күрделі, үнемі ауысуда, дағдарыс процестері жалғасуда. Еуропада не болып жатқанын бәріңіз көріп отырсыздар. Бірқатар елдер зейнетақы, еңбекақы көлемін азайтуда, 5-6 мыңдап жұмысшыларын қысқарта отырып, алпауыт кәсіпорындар тоқтауда. Біз, жаһандық дағдарысқа қарамастан, олай істеп отырған жоқпыз. Бұл еліміздің қуаты мен оның мүмкіндіктерін көрсетеді», — деді Н. Назарбаев.

Сондықтан біз шикізат ресурстарына тәуелсіз басқа экономиканы құра отырып, елімізде индустрияландыру жүргізудеміз, деп атап өтті Президент. «Қазіргі кезде 550 кәсіпорын іске қосылды, 150 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Негізгі мақсат — 70 миллиард доллардай қаржы салып, осындай кәсіпорындар санын арттырып, бір жарым миллион жаңа жұмыс орнын ашуды қамтамасыз ету», — деп еске салды Мемлекет басшысы.

Бұған дейін хабарланғандай, ҚР Президенті 1-2 желтоқсанда жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді.

Соңғы жаңалықтар