Н.Назарбаев Ислам әлемін жаңғыртудың нақты бес қадамын ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 459.75
  • 494.14
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н.Назарбаев Ислам әлемін жаңғыртудың нақты бес қадамын ұсынды

Н.Назарбаев Ислам әлемін жаңғыртудың нақты бес қадамын ұсынды

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында ресми түрде ашылған 7-ші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ислам әлемін жаңғыртудың нақты бес қадамын ұсынды.

  • 8 Маусым 2011
  • 534
Фото - Caravan.kz


Елбасының пайымдауынша, бүгінгі мұсылман елдері айтарлықтай модернизациядан өтуге тиіс. «Бұны қолға алмасақ, тарихи тұрғыдан арта қалу тағы да жүз жылға созылып кетуі мүмкін. Осындай дәл, әрі теңгермелі модернизация бір жарым миллиард мұсылман үмбетінің дамуына қосқан ортақ үлесіміз болар еді. Біріншіден, ислам әлемі елдерінің экономикалық ынтымақтастығы шеңберінде жаңа бағыт қалыптасуы қажет. Ол үшін Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумы негізінде он жетекші мұсылман қауымдастығы елдері экономикасы тобына арналған сұхбат алаңын жасауды ұсынамыз. Бұл мұсылман үмбетінің мықты ресурстарын, инвестициялық күші мен қуатты қаржы көздерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Екіншіден, ислам әлемі елдерінің жетекші ғылыми-технологиялық үрдістерден қалып келе жатқандығын ескере отырып, Ислам конференциясы ұйымының мүдделі елдерінің қатысуымен халықаралық инновациялық орталық құруды ұсынамыз. Үшіншіден, шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумының арнайы жұмыс тобын құруды ұсынамыз. Бұл ретте Ислам банкі жанынан шағын және орта бизнестің арнайы қорын құру мәселесін осы форумда талқылаған жөн болар еді. Біз исламдық қаржыландыру тетіктерін тарту тұрғысынан мұсылман елдерімен ынтымақтастық жасауға мүдделіміз. Сарапшылардың бағалауынша, Қазақстандағы ислам инвестицияларының таяу жылдардағы өсу мүмкіндігі ондаған миллиард долларға дейін жетеді. Төртіншіден, біздің елдерің сауда-экономикалық ынтымақтастығын кеңейтудің маңызды шарты — көлік- коммуникациялық және логистикалық желінің болуы. Бүгінде Қазақстан «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізін кеңейте отырып, өзінің геоэкономкалық жағдайын белсенді пайдалануда. Біз Қытаймен Парсы шығанағында жүк тасымалдау ағынын ұлғайту үшін жаңа теміржолдар салудамыз. Мен Қазақстан — Түрікменстан — Иран — Парсы шығанағы теміржол құрылысын қаржыландыруға Ислам даму банкінің белсенді қатысуын ұсынамын. Жалпы құны 1,5 млрд. долларды құрайтын бұл теміржолдың 963 шақырым ұзындығы біздің елдердің арасындағы қарым-қатынас пен экономикалық саудаға өте үлкен әсерін тигізеді деп есептеймін. Бесіншіден, азық-түлік қауіпсіздігін нығайту мақсатында Ислам конференциясы ұйымы аясында азық-түлік көмегін көрсету жүйесін әзірлеу қажет. Оның штаб -пәтерін азық-түліктің экспорттық әлеуетін белсенді дамытушы ел ретінде Қазақстанда орналастыруды ұсынамын», — деп атап көрсетті Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар