Н.Назарбаев Кеңес заманының сұрқай саясатының ащы шындығын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н.Назарбаев Кеңес заманының сұрқай саясатының ащы шындығын айтты

Н.Назарбаев Кеңес заманының сұрқай саясатының ащы шындығын айтты

Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Кеңес заманының сұрқай саясатының ащы шындығын айтты.

  • 11 Қыркүйек 2015
  • 724
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысы өз сөзінде елімізде ханның не батырдың ескерткіші тұрмақ, олардың атында білім, мәдениет нысандары, керек десеңіз жалғыз-жарым көше де болмағанын, қазақ хандарының аты аталған жағдайда оларға үстем тап өкілдері ретінде келеңсіз баға беріліп, қисынсыз айып тағылғанын баса айтты.

«Бұл тура ақын Ғафу Қайырбеков кезінде: «Басқаның патшасының бәрі жақсы, неліктен біздің хандар жаман болған», деп ашына сөйлегенін білеміз. Бұл ұлт жадының тамырына балта шабуға арналған. Осындай сұрқай саясаттың небәрі ширек ғасыр  бұрын орын алғанына  сенудің өзі қиын. Бірақ, кеңес заманының ащы шындығы осылай болатын. Тәуелсіздік қазақ халқының өткенін жандырып, өшкенін тірілтті», — деді Елбасы.

ҚР Президенті өз сөзінде  Алматы мен Астанада, облыс  орталықтары мен ірі елді мекендерде Керей мен Жәнібек, Абылай, Әбілқайыр  сияқты әйгілі хандарымыздың, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлардың еңселі ескерткіштері бой көтеріп, олардың есімдері елді мекендерге, жоғары оқу орындарына, мектептерге беріле бастағанын айтты.   

«Бабалардың ерлік пен күреске толы өнегелі өмір жолдары жайлы том-том ғылыми еңбектер мен әдеби шығармалар жазылды. Тәуелсіздікпен бірге ұрпағына ұлан ғайыр қоныс қалдырған батыр бабаларымыздың биік рухы, қазақтардың, әсіресе, жаңа буынның арасында аса зор патриоттық өрлеу туғызып, ұлт тарихына деген мақтаныш сезімін оятты», — деді Н.Назарбаев.

Барлық жеңістеріміздің бастауы береке-бірлік екенін, қазіргі жас ұрпақ өткеннен сабақ алу үшін Күлтегін жазуының көшірмесін жасаттым. 

«Қазақ хандығы бұдан бес жарым ғасыр бұрын ғана шаңырақ көтерсе де, Еуразияның Ұлы Даласында орнаған арғы дәуірде Сақ, Ғұн, Үйсін мемлекеттерінің, бергі замандағы Ұлы Түрік қағандығы, Дешті-Қыпшақ пен Алтын орда мемлекеттерінің заңды мұрагері болып табылады. Арғы дәуірлерге бармай-ақ таза түркілік заманымызға зер салатын болсақ, әйгілі Рим империясы құлап, Еуропадағы осы күнгі мемлекеттердің нобайы да жасай қоймаған, ал Қытайда үш патшалықпен алуан әулет өзара қырқысып жатқан алтыншы ғасырда, 552 жылы Алтайда Ұлы Түрік қағанаты атты қуатты күшті мемлекет дүниеге келді», — деді Президент.


Осы орайда Мемлекет басшысы кейіннен дәуірлеп тұрған кезінде Византия мен Ираннан, Қытайдың екі патшалығынан алым алған Ер Түріктің берекесі кетіп, өз ішінде билікке талас басталғанда, әуелі Батыс және Шығыс болып ажырап, кейін Оғыз, Қарлұқ, Қыпшақ болып бөлініп, жауларына жем болғанын еске салып өтті.

«8 ғасырда тасқа қашалған Күлтегін жазуында: «алдау мен арбауға арандаған Түрік халқы бірлігінен айырылды, қайсар ұлдары құл, көрікті қыздары күң болды» деп жазылған. Қай заманда болмасын, барлық жеңістеріміздің бастауы береке-бірлік екенін қазіргі жас ұрпақ ешқашан ұмытпай, өткеннен сабақ алу үшін Күлтегін жазуының көшірмесін жасатып, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің атриумына қойғыздым», — деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар