Н.Назарбаев пен П.Порошенко Минск келісімдерін жүзеге асыру барысы бойынша пікір алмасады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н.Назарбаев пен П.Порошенко Минск келісімдерін жүзеге асыру барысы бойынша пікір алмасады

Н.Назарбаев пен П.Порошенко Минск келісімдерін жүзеге асыру барысы бойынша пікір алмасады

9 қазанда Украина Президенті Петр Порошенко Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

  • 6 Қазан 2015
  • 367
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшыларының екіжақты қарым-қатынастардың маңызды мәселелерін, соның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты талқылауы жоспарланып отыр.

Сондай-ақ келіссөздер барысында көмір өнеркәсібінде, көлік-логистикалық салада, агроөнеркәсіп кешенінде және басқа салаларда өзара ықпалдастықтың басым бағыттарын қарастыру шамаланып отыр.


Бұдан басқа, Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенконың халықаралық күн тәртібінің негізгі аспектілері, соның ішінде Минск келісімдерін іске асыру бойынша пікір алмасуы күтілуде.

Соңғы жаңалықтар