Н.Назарбаев пен ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао арасында келіссөздер жүріп жатыр
![]() |
Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтао арасында шағын құрамдағы келіссөздер жүріп жатыр. |
«Сіздің бұл сапарыңызды тарихи деп санауға болады. Атап айтқанда, Сізбен жыл сайын кездесіп отырамыз. Енді біз мерекелейтін Шанхай ынтымақтастық ұйымының 10 жылдығы қарсаңында келіп отырсыз»,-деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Қазақстан Президенті биыл еліміз үшін атаулы жыл екенін, яғни тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына тиісті дайындық жұмыстары жүріп жатқандығын жеткізді.
Елбасы ҚХР Төрағасымен келіссөздер кешеден бері басталғанына тоқтала келе, бұл кездесулер бүгін және ертең де жалғасатынына сенім білдірді. «Атап айтқанда, негізгі құжаттарды қабылдап, біздің ынтымақтастығымызды жаңа биіктерге көтереміз»,-деп сенім артты Н. Назарбаев.
Қытай Қазақстанмен ынтымақтастықтың маңызды мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасуға дайын. Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен шағын құрамдағы кездесу барысында ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтао мәлім етті.
Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында жылы қабылдағаны және ШЫҰ-ның мерейтойлық саммитіне шақырғаны үшін Мемлекет басшысына алғысын білдірген ҚХР Төрағасы: «Мен, Сізбен екіжақты сипаттағы мәселелер, сондай-ақ өзара қызығушылық туғызатын маңызды мәселелер бойынша жан-жақты пікір алмасуға дайынмын»,-деді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін