Н.Назарбаев Қарағандылық шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н.Назарбаев Қарағандылық шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесті

Н.Назарбаев Қарағандылық шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесті

Бүгін, 16-маусымда Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев облыстық шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Маусым 2005
  • 806
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында президент «шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерінен өнім мөлшерін арттыра түсуді» сұрады. «Облыс бойынша өнімнің 25 процентін шағын және орта кәсіпорындар шығарады. Бұл — айтарлықтай көрсеткіш. Ең бастысы, алыпсатарлық емес, өндірістің дамуы қуантады»,- деді Н.Назарбаев. «Былтыр облыс бойынша кәсіпкерлік саласы 62 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Бұл — алдыңғы жылғыдан 20 процентке артық. Облыс бойынша кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы ахуал қалыптасты деуге болады»,- деді ол.

Президент кәсіпкерлік саласын көлеңкеден шығару қажеттігін атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, қазір парламенттің қарауында жатқан мүлікті заңдастыру туралы заңды қабылдаған жөн. Кәсіпкерлер «ауылдағы шағын бизнес саласын мемлекет тарапынан ынталандыру туралы» өтініш жасады. Бірақ Елбасының айтуынша, «ынталандыру шаралары қаншалықты қуатты болғанымен, келешегі жоқ аймақтарға бизнес бәрібір аяқ баспайды». «Қазір мемлекет ауылшаруашылығына бұрын-соңды болмаған көмек көрсетуде. Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өткен жағдайда ауылдардың зардап шегетінін ескере отырып, біз бұл қадамға саналы түрде барып отырмыз. Ал мүшелікке өткен соң бізге ауылға субсидия бөлуге мұрсат берілмейді»,- деді мемлекет басшысы.
«Біз мемлекеттің кепілдігімен шетелдерден несие алудан бас тарттық. Бірақ біз сүт өндіру және жүн өңдеу үшін Еуропалық қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі және Ислам даму банкі сынды қаржылық институтардан «жеңілдікпен берілетін несиелерді» тартатын боламыз»,- деді Н.Назарбаев.
Кәсіпкерлердің Қарағандыда құрылыс клстерін құру туралы идеясына Елбасы оны жүзеге асыру мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

Перейти к новостям спорта