Н.Назарбаев: Қазақстан Ресей және Беларусьпен бірге 170 миллионға жуық адамы бар орасан нарықты игеру үшін экономикалық хаб ретінде пайдалануы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+33 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н.Назарбаев: Қазақстан Ресей және Беларусьпен бірге 170 миллионға жуық адамы бар орасан нарықты игеру үшін экономикалық хаб ретінде пайдалануы мүмкін

Н.Назарбаев: Қазақстан Ресей және Беларусьпен бірге 170 миллионға жуық адамы бар орасан нарықты игеру үшін экономикалық хаб ретінде пайдалануы мүмкін

Қазақстан Ресей және Беларусьпен бірге 170 миллионға жуық адамы бар орасан нарықты игеру үшін экономикалық хаб ретінде пайдалануы мүмкін.

  • 24 Қазан 2012
  • 262
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Прагада қазақстан-чех бизнес-форумының ашылуында мәлім етті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

— Қазақстан Ресей және Беларусьпен бірге 170 миллионға жуық адамы бар орасан нарықты игеру үшін экономикалық хаб ретінде пайдалануы мүмкін. Көптеген кедендік кедергілер жойылуда, көлік транзитінің құны төмендеуде, үш елдің инфрақұрылымына қолжетімділік жеңілдей түседі. Жалпы ішкі өнімнің жиынтығы 2 триллионға жуық долларлық бірыңғай нарық құрылуда. Экономиканы одан әрі жаңғырту жөніндегі біздің жоспарымызда шетелдік инвестиция мен технологияның қажеттілігі ескерілген. Осыған байланысты біз Қазақстан экономикасын дамытуда индустриялық-инновациялық бағдарламаны іске асыру үдерісіне, Қазақстанның өнеркәсібін жаңғыртуға чех бизнесі анағұрлым белсенді атсалысады деп күтеміз. Чех кәсіпорындарының тәжірибе және технология жөнінде айтарлары бар деп сенемін, — деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті биылғы бизнес-форумы тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты орнықтырулары үшін жақсы мүмкіндік беретін атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар
Хиджап киюге тыйым салынды
Жаңалықтар 23 Маусым