Н.Назарбаев: қолдан келгенше әрбір адамның мұң-мұқтажын түсіне білу - парызымыз - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н.Назарбаев: қолдан келгенше әрбір адамның мұң-мұқтажын түсіне білу  - парызымыз

Н.Назарбаев: қолдан келгенше әрбір адамның мұң-мұқтажын түсіне білу - парызымыз

 Халыққа адал қызмет етемін! Жоғары лауазымды  шенеуніктер бүгін осындай ант берді. Олардың қатарында биліктің кешегі бәсекелесі, және бүгінгі жақтаушысы Әлихан Байменов те бар. «Ақ жол» партиясының бұрынғы жетекшісі мемлекеттік қызметті сағынып қалғанын жеткізді.

  • 6 Шiлде 2011
  • 544
Фото - Caravan.kz

Әлихан Байменов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің төрағасы:

— Әрине, бұл өте салтанатты да, қобалжулы да сәт, және өте жауапты сәт. Мен үшін сенім – әрдайым жаңа жауапкершілік.

Ант қабылдаудың алдында барлығы қобалжыды. Министрлер жауапты емтиханға дайындалғандай. Тиісті мәтінді талай рет іштей де, мәнерлеп те оқып көрді. Бірақ ешкім жаттай алмады. Салтанатты сәт барысында мемлекеттік қызметкерлер көздерін қағаздан алмады. Қалай дегенмен ант сөздерін жүрегімен сезінгендерін айтады. АтаЗаңға қол қойып, шенеуніктер бар күш-жігерлері мен білімдерін туған жерді өркендетуге арнаймыз деп уәде етті.


Нұрсұлтан Назарбаев
, Қазақстан Республикасының Президенті:

— Біз халықтың қызметшілері екенімізді ұмытпай, маңсапқорлық көрсетпей, халыққа жақын болып, әділ болып, қолдан келгенше әрбір адамның мұң-мұқтажын түсіне біліп, оны тіпті қазір орындай алмасаң да, жауабын беріп, түсіндіру – біздің парызымыз.

Соңғы жаңалықтар