Н.Назарбаев саммитке келген бірқатар елбасылармен екіжақты кездесулер өткізді
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ШЫҰ-ның мерейтойлық саммитінің қарсаңында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, деп президенттің баспасөз қызметінен хабарлады. |
Мысалы, Нұрсұлтан Назарбаев Иран Ислам Республикасының Президенті Махмуд Ахмадинежадпен кездесті.
ИИР-ның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан халқына жылы шырайлы қабылдауы үшін өз ризашылығын білдірді.
«Біздің кездесуіміз достық көңіл-күйде өтті және өте сындарлы сипатта болды», - деді Махмуд Ахмадинежад кездесуден кейін журналистер алдында сөйлеген сөзінде.
Келіссөздер барысында екіжақты әріптестіктің әртүрлі қырлары, сондай-ақ аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.
«Биылғы жылы біз ШЫҰ-ның он жылдығын атап өтеміз. Мен мерейтойлық саммит барысында барлық өзекті проблемалар талқыланады деп сенемін. ШЫҰ-на мүше елдердің бай әлеуеті ұйымның кез келген мәселені шешуіне мүмкіндік береді», - деп атап өтті М.Ахмадинежад.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қырғыз Республикасының Президенті Роза Отынбаевамен келіссөзі болып өтті.
Тараптар аймақтағы жағдайды, екіжақты өзара іс-қимыл мәселесін, сондай-ақ алдағы уақытта өтетін ШЫҰ саммитінің күн тәртібін талқылады.
«ШЫҰ – биылғы жылы өзінің он жылдығын атап өтетін беделді ұйым. Оның құрамына Қазақстан, Ресей және Қытай кіреді, ал бұл өте динамикалы дамып келе жатқан экономика», - деді Р.Отынбаева кездесудің қорытындысы бойынша журналистерге.
«Біз Қазақстан Президентінің сапарын тағатсыздана күтудеміз. Біз Нұрсұлтан Әбішұлы біздің еліміздегі жағдай туралы жақсы хабардар еткенін және Қырғызстанмен ынтымақтастыққа үлкен мән беретінін білеміз», - деп атап өтті Қырғыз Республикасының Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Хамид Карзаймен кездесті.
Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту мәселесі, Ауғанстандағы ағымдағы жағдай, сондай-ақ оны бейбіт реттеу перспективасы талқыланды.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді.
Тараптар аймақтағы жағдайды, екіжақты іс-қимыл мәселесін, сондай-ақ алдағы уақытта өтетін ШЫҰ саммитінің күн тәртібін талқылады.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Пәкістан Ислам Республикасының Президенті Асиф Әли Зардаримен кездесу барысында аймақтық қауіпсіздіктің әртүрлі қырлары, екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.
«Мен Шанхай ынтымақтастық ұйымын ұлы бірлестік деп санаймын. Пәкістан оның құрамына кіруді қалап отыр және ұйымның барлық мүшлерінің қолдауынан үміттінеді. Мен ШЫҰ-ның үлкен перспективасы бар деп сенемін», - деп атап өтті журналистер алдында сөйлеген сөзінде Пәкістан Президенті.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін