Н.Назарбаев саммитке келген бірқатар елбасылармен екіжақты кездесулер өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н.Назарбаев саммитке келген бірқатар елбасылармен екіжақты кездесулер өткізді

Н.Назарбаев саммитке келген бірқатар елбасылармен екіжақты кездесулер өткізді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ШЫҰ-ның мерейтойлық саммитінің қарсаңында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, деп президенттің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 15 Маусым 2011
  • 348
Фото - Caravan.kz

Мысалы, Нұрсұлтан Назарбаев Иран Ислам Республикасының Президенті Махмуд Ахмадинежадпен кездесті.

ИИР-ның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан халқына жылы шырайлы қабылдауы үшін өз ризашылығын білдірді.

«Біздің кездесуіміз достық көңіл-күйде өтті және өте сындарлы сипатта болды», — деді Махмуд Ахмадинежад кездесуден кейін журналистер алдында сөйлеген сөзінде.

Келіссөздер барысында екіжақты әріптестіктің әртүрлі қырлары, сондай-ақ аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.

«Биылғы жылы біз ШЫҰ-ның он жылдығын атап өтеміз. Мен мерейтойлық саммит барысында барлық өзекті проблемалар талқыланады деп сенемін. ШЫҰ-на мүше елдердің бай әлеуеті ұйымның кез келген мәселені шешуіне мүмкіндік береді», — деп атап өтті М.Ахмадинежад.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қырғыз Республикасының Президенті Роза Отынбаевамен келіссөзі болып өтті.

Тараптар аймақтағы жағдайды, екіжақты өзара іс-қимыл мәселесін, сондай-ақ алдағы уақытта өтетін ШЫҰ саммитінің күн тәртібін талқылады.

«ШЫҰ – биылғы жылы өзінің он жылдығын атап өтетін беделді ұйым. Оның құрамына Қазақстан, Ресей және Қытай кіреді, ал бұл өте динамикалы дамып келе жатқан экономика», — деді Р.Отынбаева кездесудің қорытындысы бойынша журналистерге.

«Біз Қазақстан Президентінің сапарын тағатсыздана күтудеміз. Біз Нұрсұлтан Әбішұлы біздің еліміздегі жағдай туралы жақсы хабардар еткенін және Қырғызстанмен ынтымақтастыққа үлкен мән беретінін білеміз», — деп атап өтті Қырғыз Республикасының Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Хамид Карзаймен кездесті.

Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту мәселесі, Ауғанстандағы ағымдағы жағдай, сондай-ақ оны бейбіт реттеу перспективасы талқыланды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді.

Тараптар аймақтағы жағдайды, екіжақты іс-қимыл мәселесін, сондай-ақ алдағы уақытта өтетін ШЫҰ саммитінің күн тәртібін талқылады.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Пәкістан Ислам Республикасының Президенті Асиф Әли Зардаримен кездесу барысында аймақтық қауіпсіздіктің әртүрлі қырлары, екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

«Мен Шанхай ынтымақтастық ұйымын ұлы бірлестік деп санаймын. Пәкістан оның құрамына кіруді қалап отыр және ұйымның барлық мүшлерінің қолдауынан үміттінеді. Мен ШЫҰ-ның үлкен перспективасы бар деп сенемін», — деп атап өтті журналистер алдында сөйлеген сөзінде Пәкістан Президенті.

Соңғы жаңалықтар