Талдықорған қорғасын аккумуляторлары зауытының құрылысы 1970 жылы басталған болатын, 1975 жылғы қаңтарда алғашқы 6СТ-75ЭМ аккумулятор батареясы шығарылды. Қысқа мерзім ішінде аккумулятор батареяларының түр-түрін сериялы шығару игерілді. Талдықорған қорғасын аккумуляторлары зауыты КСРО аумағындағы осындай өнім шығаратын бес кәсіпорынның бірі болды.
«Қайнар» компаниясы отандық аккумулятор батареяларын өндіруші және «Самұрық-Қазына» холдингінің отандық тауар өндіріушілер тізілімінде тұр, сондай-ақ «Интербат» аккуляторлар батареяларын өндірушілердің халықаралық одағына кіреді. Бүгінде «Қайнар АКБ» ЖШС экономикасы дамыған, аяқталған өндірісі бар әлеуеті берік кәсіпорын. Батареялардың барлық детальдары мен компоненттері зауыттың өзінде өндіріліп, дайын өнімдер түрінде ұсынылады.
Сондай-ақ қорғасын-қышқылды аккумуляторлар өндірісі үлерісі де жетілдіріле түскен. Кәсіпорында жаңа технологиялар қолданылуда, аккумулятор сынықтарын қайта өңдеуден бастап, қорғасынды тереңдете тазартуға дейін жүргізіліп, сурьма, селен, кальций қорытпалары алынып, ақырында, жаңа ұрпақ батареялары шығарылады. Жаңа техенологияларды, жоғары сапалы материалдарды қолдану нарықтың қатал талаптарына жауап бере алатын аккумулятор батареяларын өндіруге мүмкіндік береді және оның жоғары сапасын кепілдендіреді және сонымен қатар шығарылатын өнімдер түрлері ұлғаюда.
«Қайнар» компаниясы бәсекеге қабілеттілікті арттыру және экспортты ұлғайту жұмыстарын үздіксіз жүргізуде. Қазақстандық және ресейлік стандарттарға сәйкес барлық шығарылатын өнімдер сапа бақылауынан өткізіледі, соның арқасында бұл өнімдер тұтынушының ең жоғары талаптарын қанағаттандырып келеді.
Жоғарыда аталған жұмыстар кәсіпорынның зор техникалық, интеллектуальдық және кадрлық әлеуетінің жиналуына жәрдемдесті. Кәсіпорында еңбек ететін жоғары білікті мамандар шығарылатын өнімдердің сапасын арттыра түсумен қатар, оны жетілдіре түсуге ұмтылуда.
2011 жылы Алматы облысының өңірлік индустрияландыру картасы ауқымында құны 570,0 млн. теңге тұратын «Қазақстан Республикасы аумағында бұрын шығарылмаған индустриялық (стационарлық, жетектік) қорғасын-қышқылды аккумулятор батареяларын игеру» жобасы жүзеге асырылды. Белгіленген қуаттарға шығу 2012, 2013 жылдары 100 пайызға, 2014 жылдың 5 айында 79 пайызға игерлді. Соның нәтижесінде 80 жаңа жұмыс орындары ашылды.