Н.Назарбаев тапсырмалардың қалай орындалып жатқанын өзі тексеруге көшті - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н.Назарбаев тапсырмалардың қалай орындалып жатқанын өзі тексеруге көшті

Н.Назарбаев тапсырмалардың қалай орындалып жатқанын өзі тексеруге көшті

Мемлекет басшысы берген тапсырмаларының қалай орындалып жатқанын өзі тексеруге көшті. Ал жұмысынан шикілік табылған Ақпарат пен Ішкі Істер министрлері бүгін Ақордаға келіп сыннан қандай қорытынды жасағандары жайында Нұрсұлтан Назарбаевқа жеке-жеке есеп берді.

  • 15 Қараша 2013
  • 320
Фото - Caravan.kz


Ішкі Істер министрі Қалмұханбет Қасымов кездесуге тыңғылықты әзірленген. Қылмыспен күресіп, көлік апатын азайтуға күш салып жатқанын ұзақ әңгімеледі. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Сириядағы соғысқа қарағанда, елімізде жол апатынан жүздеген адамның өмірі қиылып жатқанын ашына айтқан болатын. Осы сыннан кейін шұғыл іске кіріскен министрлік қолданыстағы заңға өзгерістер енгізіп жатыр. Сондай-ақ бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Мәдениет және ақпарат министрін де қабылдады. Елбасы Мұхтар Құл-Мұхаммедке отандық арналардағы бағдарламалардың    мазмұнына мән беруді жүктеді.