Н.Назарбаев теңгенің еркін бағамына түсіністікпен қарауға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н.Назарбаев теңгенің еркін бағамына түсіністікпен қарауға шақырды

Н.Назарбаев теңгенің еркін бағамына түсіністікпен қарауға шақырды

Бүгін астықты өңір әкімдерімен кеңес өткізген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев теңгенің еркін бағамына түсіністікпен қарауға шақырды.

  • 7 Қыркүйек 2015
  • 491
Фото - Caravan.kz

«Валюта курсы шетел валютасымен айналысатындарға ғана қатысты: импортпен немесе экспортпен. Ал Қазақстан ішінде теңге болды және солай қала береді. Оның доллармен бағамы қанша екендігінің қандай айырмашылығы бар? Тауар қанша теңге болды, солай қалды емес пе? Тек алаяқтық болмаса болған. Мұны да түсіну қажет. Біз Қазақстанда теңгеге өмір сүреміз», — деді Н.Назарбаев.

Елбасының атап өтуінше, жаңа несие-ақша саясаты — бұл мемлекеттің экономикалық жағдайға дұрыс реакциясы.

«Бағам есебінен тауар арзан болған кезде барлығы да сатып алу үшін Ресейге ағылды. Сатып алды, біз күттік. 80 мың автомобиль әкелінді. Ал бізде өзіміздің автомобиль зауытымыз бар және олар тоқтап қалды. Қоймаға жұмыс істей бастады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін де сол жақтан сатып ала бастады. Сондықтан да бұл мемлекеттің экономикалық жағдайға дұрыс реакциясы», — деді Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар