Жарияланды: 2100

Н.Назарбаевтың «ХХІ ғасырдағы жаһандық тұрақты дамудың энергоэкологиялық стратегиясы» атты жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі өтеді

Ертең әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «ХХІ ғасырдағы жаһандық тұрақты дамудың энергоэкологиялық стратегиясы» атты жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі өтеді.

Оған ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының вице-президенті, "Парасат" ұлттық ғылыми-техникалық холдингі" АҚ-ы басқарма төрағасы Нұралы Бектұрғанов, ҚР-дың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Бірғаным Әйтімова, қоғам қайраткерлері, ЖОО мен шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдері қатысады. Шараға сонымен қатар, ресейлік ғалымдар - Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының президенті Олег Кузнецов, ЕурАзЭҚ Интеграциялық мәселелері стратегиялық зерттеу институтының директоры, РЖҒА академигі Анатолий Спицын, РЖҒА академигі Николай Гаранькин қатысады жеп жоспарлануда. Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы қазіргі заманғы ғаламдық үдеріс жағдайындағы энергоэкологиялық мәселелерді шешу жолдары мен жаһандық энергетикалық және экологиялық қауіпсіз әлемді қалыптастыру мәселелеріне арналған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін