Жарияланды: 460

Н.Назарбаевтың пікірінше, хиджаб әйелдерді орта ғасырға жетелейді

Н.Назарбаевтың пікірінше, хиджаб әйелдерді орта ғасырға жетелейді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдің 21 жылдығына арналған салтанатты шарада өзінің жаңа Жолдауын жария ету кезінде қазақ әйелдері еш уақытта хиджаб кимегендігін және беттерін тұмшаламағандығын атап өтті.

Бұл туралы Санкт-Петербордың «Фонтанка» күнделікті интернет-газеті жазды. «Біздің бабаларымыз қыздарының бетін ешқашан жаппаған, сондықтан қазіргі ұрпақ ислами қағидаларға құрмет көрсете отырып, төл дәстүрлерімізге де құрметпен қарауы тиіс», - деді Назарбаев. Президент «қазір жекелеген сыртқы күштер дұрыс емес ағымдарды таңдап, жастардың сана-сезімін улайтындығын, исламның түзу жолынан таюға мәжбүрлейтіндігін» мойындады. «Егер оларға құлақ асатын болсақ, әпкелеріміз бен қарындастарымызды беттерін тұмшалауға мәжбүрлегенмен қоймай, олармен бір дастарханның басында отырудан қалатын боламыз. Олар көлік жүргізе алмайды, емін-еркін жүріп-тұра алмайды және білім ала алмайды. Сонда біз оларды қалай тәрбиелемекпіз?», - деп күйінді Н.Назарбаев. Оның пікірінше, «ділімізге жат ондай көріністерден бойымызды аулақ ұстауымыз қажет». «Мен жастарды ХХІ, ХХІІ ғасырға бастап келемін, ал бұл проблемалар бізді орта ғасырға тарта беретін болады», - деп атап өтті Қазақстан Басшысы, деп хабарлайды Ресей Жаңалықтар агенттігі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін