Н.Нығматулин Санкт-Петерборда Ә. Бөкейхановтың ескерткіш мүсінінің ашылуында сөз сөйледі - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н.Нығматулин Санкт-Петерборда Ә. Бөкейхановтың ескерткіш мүсінінің ашылуында сөз сөйледі

Н.Нығматулин Санкт-Петерборда Ә. Бөкейхановтың ескерткіш мүсінінің ашылуында сөз сөйледі

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин ТМД ПА және ҰҚШҰ ПА күзгі сессиясы аясында Санкт-Петерборда Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы, Семей облысының атынан I Мемлекеттік Дума депутаты Әлихан Бөкейхановтың ескерткіш мүсінінің ашылуына қатысты.

  • 25 Қараша 2016
  • 607
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Sn.kz жазады.

Салтанатты шара Таврический сарайындағы ТМД ПА штаб-пәтерінде өтті. Дәл осы жерде I Мемлекеттік Дума жиыны өткізілген. 

— Екі ел Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің сындарлы және батыл саясатының арқасында бүгінгі күні Қазақстан мен Ресей еуразиялық кеңістікте интеграцияның қозғаушы күшіне айналды. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында осы ескерткіштің ашылуының маңызы ерекше. Осы уақыттар ішінде біздің елдеріміз ТМД кеңістігінде стратегиялық және одақтас әріптестіктің жарқын үлгісін көрсетіп келеді, — деді Н.Нығматулин салтанатты шара барысында.

Ә. Бөкейхановтың мүсіні Таврический сарайының атриумында орналасады. Қола мүсіннің биіктігі 2 метрден асады. Мүсін Қазақстан Парламенті депутаттары жинаған қаржыға жасалды.


Айта кетейік, осы жылы Ә. Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толады. Мерейтой ЮНЕСКО көлемінде аталып өтпек. Әлихан Бөкейхан 1866 жылы 5 наурызда дүниеге келген. Омбы техникалық училищесін аяқтаған соң, Санкт-Петербургтегі Орман институтына оқуға түскен.

Соңғы жаңалықтар