"Нокдаунға түсірді": Әбілхан Аманқұл өзбек боксшысын ойсырата жеңді - kaz.caravan.kz
  • $ 481.83
  • 556.8
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Нокдаунға түсірді": Әбілхан Аманқұл өзбек боксшысын ойсырата жеңді

"Нокдаунға түсірді": Әбілхан Аманқұл өзбек боксшысын ойсырата жеңді

 

  • 29 Шiлде 2021
  • 766
Фото - Caravan.kz

75 келі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиададағы алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Caravan.kz порталы. 

Оның қарсыласы өзбекстандық Фанат Кахрамонов болды, Алғашқы раундта Аманқұл өзбек боксшысынан 5: 0 есебімен жеңілді. Бірақ екінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді. Үшінші раудта да өзбек боксшысына ойсырата соққы берді. Осылайша Әбілхан Аманқұл келесі кезеңге өтті. 

Сондай-ақ бүгін, Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев та (91 келіден жоғары) өнер көрсетті. Ол Египеттен шыққан Эсри Мостафа Катингке қарсы жекпе-жекке шығып, айқын басымдықпен жеңді.