Нөлiншi сыныпты латын әлiпбиiмен оқытамыз – Сағадиев - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нөлiншi сыныпты латын әлiпбиiмен оқытамыз – Сағадиев

Нөлiншi сыныпты латын әлiпбиiмен оқытамыз – Сағадиев

Нөлiншi сыныпты енгiзу үшiн дайындық жұмыстары жүргiзiлiп жатыр.

  • 3 Сәуiр 2018
  • 51
Фото - Caravan.kz

Үкiмет отырысында Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев нөлiншi сынып қашаннан бастап латын әлiпбиiнде оқытылатынын еске салды, деп хабарлайды Baq.kz.

«Нөлiншi сыныпты енгiзу үшiн дайындық жұмыстары жүргiзiлiп жатыр. Бәрiңiзге белгiлi, 2020 жылы нөлiншi сынып латын әлiпбиiнде басталуы тиiс. Келесi оқу жылынан бастап даярлық топтар мен сыныптарда әлiпби апробациясын бастау үшiн осы жылы әдiстемелiк комиссиялар жұмыстарын бiтiруi қажет….», — дедi Сағадиев.

Сондай-ақ министрдiң айтуынша, елiмiздiң орта бiлiм беру мекемелерiнде оқу жүктемесiн азайту жұмысы жүргiзiлiп жатыр. Ерлан Сағадиев өз сөзiнде ағылшын тiлiнде оқыту мәселесiне де тоқталды.

«Жаңартылған бiлiм беру бағдарламасының негiзгi мәселесiнiң бiрi — 10 және 11-сыныптарда 4 пәндi ағылшын тiлiнде оқыту. Осы бағытта ағылшын тiлiнде сабақ беретiн 12 мың мұғалiм үшiн курстар ұйымдастырылды. Қажеттi оқулықтар дайын. Қазiргi таңда бұл жұмыс жалғасып жатыр», — дедi Ерлан Сағадиев.


Оқи отырыңыз:

Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады

12 сәуір – ғарышкерлер күні

Пасхаға арнап пісірілген тағамды жеуге және пасхамен құттықтауға бола ма?

 

Соңғы жаңалықтар