"Норманд төрттігі" елдерінің басшылары кездесті: қандай келісім жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Норманд төрттігі" елдерінің басшылары кездесті: қандай келісім жасалды

"Норманд төрттігі" елдерінің басшылары кездесті: қандай келісім жасалды

Кездесуге қатысушылар саммит қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді. Қол жеткізілген келісімге баға берілді

  • 10 Желтоқсан 2019
  • 32
Фото - Caravan.kz

"Норманд төртігі" елдерінің басшылары Ангела Меркель, Эммануэль Макрон, Владимир Путин мен Владимир Зеленский Париждегі кездесу қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды РИА Новости.

Қабылданған келісімге үш негізгі мәселе енген:

  • "Қақтығыс аймағындағы жағдайды тұрақтандыру шараларын іске асыру";
  • "Минск келісіміндегі саяси ұстанымдарды жүзеге асыру";
  • "Жалғастыру".

Украина президенті Владимир Зеленский Киев Париждегі келісімді орындауға дайын екенін жеткізді. Алайда бұл екіжақты қозғалысты қажет ететін жайт екенін атап өтті.

"Бұл келісімдер орындалатынына үмітіміз зор. Бейбітшілікті қамтамасыз ету жолындағы талпынысымызды нақты іс-әрекет қана дәлелдейтінін түсініп отырмыз", — деді ол.


Сондай-ақ, Зеленский Ресей президенті Владимир Путинмен өткізілген келіссөзге баға беріп, бұл туралы әлі нақты айтуға ерте екеніне тоқталды.

 

Соңғы жаңалықтар