Норвегия Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігіндегі мұнай кеніштерін игеруге құлықты - kaz.caravan.kz
  • $ 520.91
  • 544.25
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Норвегия Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігіндегі мұнай кеніштерін игеруге құлықты

Норвегия Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігіндегі мұнай кеніштерін игеруге құлықты

Норвегия Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігіндегі мұнай кеніштерін игеру жобаларына атсалысуға құлықты. Бұл туралы бүгін, 25-мамырда Астанада өткен баспасөз мәслихатында елімізге екі күндік ресми сапармен келген Норвегия үкімет басшысы Кьелл Магне Бондевик мәлімдеді.

  • 25 Мамыр 2004
  • 416
Фото - Caravan.kz

«Норвегиялық компаниялар теңіз қайраңын игеруде үлкен тәжірибе жинақтағанын» атап өткен үкімет басшысы «біз өзіміздің осындай тәжірибеміз бен біліктілігімізді ұсына аламыз», деді.

К.Бондевиктің хабарлауынша, ол өзімен бірге елімізге келген өкілдер құрамында Норвегияның іскерлік өкілдері де бар екенін, «олардың арасында мұнай-газ кешеніне қызмет түрлерін ұсынатын сервистік компаниялардың жетекшілері де бар екенін, Қазақстанның мұнай-газ ресустарын игеруге солар тікелей атсалыса алатынын» жеткізді.
Қазір елімізде Норвегияның 10 шақты компаниясы жұмыс істеуде. Мәселен, 2004-жылдың қаңтар айында «Статойл» мұнай компаниясы Астанада өз өкілдігін ашты. Ал осы елдің PGS компаниясы «Қазақстанкаспийшельф» және «Данк» компанияларымен бірлесе отырып Каспий қайраңының өтпелі аймағында техникалық зерттеулер жүргізуде. Аталмыш келісім-шартының құны 21,4 млн. долларға бағаланған. Компания Қазақстанда жер үсті және оффшорлық жұмыстарды жүзеге асыруда батыстық технологияларды пайдаланатын сервистік компания құруды көздеп отыр.