Норвегия лаңкестік салдарынан 90-нан астам қаза табуына байланысты қолдау білдіргені үшін Қазақстанға алғысын білдіреді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Норвегия лаңкестік салдарынан 90-нан астам қаза табуына байланысты қолдау білдіргені үшін Қазақстанға алғысын білдіреді

Норвегия лаңкестік салдарынан 90-нан астам қаза табуына байланысты қолдау білдіргені үшін Қазақстанға алғысын білдіреді

Норвегия лаңкестік салдарынан 90-нан астам қаза табуына байланысты қолдау білдіргені үшін Қазақстанға алғысын білдіреді.

  • 28 Шiлде 2011
  • 506
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін елордада ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановпен кездескеннен кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Норвегия Корольдігінің Қазақстандағы Елшісі Даг Халворсен айтты.

«Біз үшін өте қиын болған осынау күндері қолдау білдіргені үшін Қазақстанға алғысымды білдіремін. Туыстары қаза тапқан отбасылар үшін тек Норвегия ғана емес, әлемнің барлық елдерінің көңіл айтуы өте маңызды», — деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 22 шілдеде Норвегияда екі лаңкестік оқиға орын алды. Алдымен Осло орталығындағы Премьер-министр кеңсесі орналасқан үкіметтік ғимараттар кешені маңында жарылыс болды. Полиция мәліметтері бойынша, жарылыстан сегіз адам көз жұмып, 19 адам жараланған.

Осы оқиғадан кейін бірнеше сағат өткен соң, ел астанасына жақын орналасқан Утейя аралындағы Еңбек билік партиясының жастар лагерінде полицей боп киінген бейтаныс жігіт демалып жатқандарға қарсы оқ атқан. 32 жастағы норвегиялық азамат Андерс Беринг Брейвиктің лаңкестік әрекетінен кем дегенде 90 адам қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар