Норвегияда орын алған қайғылы жағдай өркениет әлемін, барлық адамзат атаулыны дүр сілкіндірді - Қ. Саудабаев - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Норвегияда орын алған қайғылы жағдай өркениет әлемін, барлық адамзат атаулыны дүр сілкіндірді - Қ. Саудабаев

Норвегияда орын алған қайғылы жағдай өркениет әлемін, барлық адамзат атаулыны дүр сілкіндірді - Қ. Саудабаев

Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев Қазақстан Республикасындағы Норвегия Корольдігінің елшілігінде болып, норвегия халқына, лаңкестік актіден қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

  • 26 Шiлде 2011
  • 510
Фото - Caravan.kz

Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшы Астанадағы елшілікте ашылған Норвегиядағы терактіден қаза болғандарды еске алу және көңіл айту кітабына өзінің көңілін білдіріп, жазба қалдырды. «Өткен жұмадағы Норвегияда орын алған қайғылы жағдай өркениет әлемін, барлық адамзат атаулыны дүр сілкіндірді», — деді Мемлекеттік хатшы Норвегияның Қазақстандағы елшісі Даг Малмер Халворсенге.

«Қандай да бір мемлекет терроризмнің әртүрлі құбылыстарынан толығымен қорғана алмайды. Қазақстан өткен жылдар ішінде осындай зұлымдықпен күрес жөніндегі халықаралық күштердің маңызды әрі жүйелі жақтаушысы болып келеді. Ал қасірет орын алған уақытта Елбасы Н. Назарбаев біздің елімізге дос мемлекет болып табылатын елге бүкіл қазақстандықтардың көңілін жеткізіп, қайғыратынын білдірді, Норвегия короліне қайғы-қасіретке ортақтасып, көңіл айтты. Осынау қиын күндері біз норвегиялықтарға рухының мықты болғанын тілейміз», — деді Қ. Саудабаев.

Соңғы жаңалықтар