Норвегиялық НРК арнасының хабарлауынша, жүк көлігінің жүргізушісі жолға шығып кеткен маралдармен соқтығыспау үшін жол жиегіне күрт бұрып, аударылып кеткен. Жол апаты кезінде жарылғыш зат өртенген жоқ, жүргізуші аман, бірақ сегіз жануар өлді.
Норвегияда 40 мыңға жуық марал бар. Ал көлік апаттарына көбінесе жабайы емес, қолға үйретілген солтүстік маралдар себеп болады. Норвегияда олардың саны жабайы тұқымдастарына қарағанда біршама көп, олар адамдардан қорықпайды және елді мекендердің қасында көптеп кездеседі.