Норвегияда жарылғыш заты бар жүк көлігі маралдар табынын қағып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Норвегияда  жарылғыш заты бар жүк көлігі маралдар табынын қағып кетті

Норвегияда жарылғыш заты бар жүк көлігі маралдар табынын қағып кетті

15 тоннадан көп жарылғыш заттарды тасымалдап келе жатқан жүк көлігі Норвегияның солтүстігінде апатқа ұшырады.

  • 4 Қараша 2012
  • 308
Фото - Caravan.kz

Норвегиялық НРК арнасының хабарлауынша, жүк көлігінің жүргізушісі жолға шығып кеткен маралдармен соқтығыспау үшін жол жиегіне күрт бұрып, аударылып кеткен. Жол апаты кезінде жарылғыш зат өртенген жоқ, жүргізуші аман, бірақ сегіз жануар өлді.

Норвегияда 40 мыңға жуық марал бар. Ал көлік апаттарына көбінесе жабайы емес, қолға үйретілген солтүстік маралдар себеп болады. Норвегияда олардың саны жабайы тұқымдастарына қарағанда біршама көп, олар адамдардан қорықпайды және елді мекендердің қасында көптеп кездеседі.

Соңғы жаңалықтар