Норвегиядағы лаңкестік шабуылдар Исламға қасы бағытталған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Норвегиядағы лаңкестік шабуылдар Исламға қасы бағытталған

Норвегиядағы лаңкестік шабуылдар Исламға қасы бағытталған

 

  • 26 Шiлде 2011
  • 387
Фото - Caravan.kz


Норвегиядағы лаңкестік әрекет Ислам мен босқындарға қарсы бағытталған. Өткен жұмада 2 бірдей лаңкестік жоспарын Андерс Брейвик есімді жергілікті тұрғын биліктің осы мәселеге аз көңіл бөлетініне наразылық ретінде ұйымдастырыпты.

93 адамның өмірін қиған қаскөй Норвегияда мұсылмандардың күрт көбейгеніне алаңдаушылық білдірген. Және елдегі көші-қон ісіндегі осал саясатқа қарсы шығып, осындай әрекетке барғанын мәлімдепті. Бұл қылмысқа 9 жыл бойы дайындалған Андерс Брейвик ұлтшылдық саясат жүргізу ісінде Ресей басшылығын үлгі етуге шақырған. Бүгін осы екі лаңкестік әрекетке қатысты бүкіл елде үнсіздік жарияланып, құрбандарға тағызым жасалды. Естеріңізге салсақ, өткен жұмада Ослоның Үкімет үйі орналасқан ауданында жарылыс болып, артынан Утейа аралындағы жасөспірімдер лагерінде қанды қырғын орын алған. Бір ғана лаңкестің қос бірдей әрекетінен 93 адам мерт болып, тағы 96-сы жараланған болатын.

Соңғы жаңалықтар