Норвегияның "Statoil" компаниясы Баку-Тбилиси-Жейхан жобасын жүзеге асыруға несие ретінде 170 млн. доллар бөлуге әзір - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Норвегияның "Statoil" компаниясы Баку-Тбилиси-Жейхан жобасын жүзеге асыруға несие ретінде 170 млн. доллар бөлуге әзір

Норвегияның "Statoil" компаниясы Баку-Тбилиси-Жейхан жобасын жүзеге асыруға несие ретінде 170 млн. доллар бөлуге әзір

Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырын тарту жөніндегі жоба акционерлерінің бірі болып табылатын Норвегияның "Statoil" компаниясы ВТС Со.(Baku -Tbilisi -Ceyhan) бірлестігіне қосатын жеке үлесінің сыртында жобаны жүзеге асыруға несие ретінде 170 млн. доллар бөлуге дайын. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Statoil - Azerbaijan компаниясынан хабарлады.

  • 5 Қараша 2003
  • 515
Фото - Caravan.kz

Алайда, компанияның несие беру шарттары мен мерзімі коммерциялық құпия ретінде жарияланбай отыр.

Бұған дейін де хабарлағанымыздай, құны 2,95 млрд. долларды құрайтын Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры жобасының 30 процентін қатысушы-компаниялар жеке акционерлік капиталы есебінен, ал қалған 70 процентін несиелік қаржы есебінен қаржыландырады. Жалпы алғанда, Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры жобасына арналған несиені 4 топ несиегерлер қаржыландырып отыр. Бірінші топқа қамтылатын Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Халықаралық қаржы корпорациясы сынды халықаралық қаржылық ұйымдар тікелей қаржы бөлумен бірге, коммерциялық банктерге кепілдіктер береді. Ал екінші топқа әлемдегі алдыңғы қатарлы дамыған АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Германия, Италия және Франция сынды жоғарғы өркениетті елдерден материалдар мен жабдықтар алуды қаржыландырушы коммерциялық банктерге кепілдеме беретін халықаралық экспорттық-несиелік агенттіктер қамтылады. Ал үшінші топтағы коммерциялық банктердің жалпы саны 10-30 аралығында. Несие беруші төртінші топқа BP, Statoil секілді ірі компаниялар кіреді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2002-жылдың 18-қыркүйегінде Сангачал мұнай терминалында Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі экспорттық мұнай құбыры құрылысының іргетасы қаланған болатын.
Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі экспорттық мұнай құбырының жалпы ұзындығы 1767 шақырымды құраса, оның 443 шақырымы -Әзербайжан, 248 шақырымы Грузия, 1076 шақырымы Түркия арқылы өтеді. Құбырдың өткізгіштің қабілеті жылына 50 млн. тоннаны құрайды. Құрылыс жұмыстары тікелей 2003-жылдың сәуір айында басталып, 2004-жылдың 4-тоқсанында аяқталады деп күтілуде. Әзербайжан мұнайын Түркияның Жейхан айлағынан экспорттай бастау 2005-жылдың 2-тоқсанына белгіленген.
Баку-Тбилиси-Жейхан бағытындағы мұнай құбыры жобасына қатысушы компаниялар мен олардың үлесі мынадай : BP — 30,1%, ГНКАР — 25%, Unocal — 8,90%, Statoil — 8,71%, TPAO — 6,53%, ENI — 5%, Itochu — 3,40%, ConocoPhillips — 2,50%, INPEX — 2,5%, TotalFinaElf — 5% және Amerada Hess — 2,36%.

Соңғы жаңалықтар