Нөсер салдарынан Зайсанда жолды су шайып, бес үй су астында қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нөсер салдарынан Зайсанда жолды су шайып, бес үй су астында қалды

Нөсер салдарынан Зайсанда жолды су шайып, бес үй су астында қалды

Шығыс Қазақстан облысында, Зайсан қаласының оңтүстік шетінде 8-тамызда нөсер салдарынан жолды су шайып, бес үй су астында қалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 9 Тамыз 2005
  • 333
Фото - Caravan.kz

Министрлік ақпаратына сәйкес, нөсер суы насос станциясының 500 метр темір-бетон дуалын бұзып, Зайсан- Шүршітсу автожолының 200 метрін шайып, 5 үй қора-жайымен бірге су астында қалды. 32 бас ұсақ мал жайылымда нөсер салдарынан қырылды.

Су астында қалған аудан тұрғындары басқа жаққа көшірілген жоқ. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Қаланың коммуналдық жүйесі қалыпты жұмыс істеп тұр. Материалдық шығын көлемін есептейтін комиссия құрылды.

Перейти к новостям спорта