Нөсер жауын салдарынан Алматы облысының таулы өзендерінде сел жүруі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нөсер жауын салдарынан Алматы облысының таулы өзендерінде сел жүруі мүмкін

Нөсер жауын салдарынан Алматы облысының таулы өзендерінде сел жүруі мүмкін

Алдағы күндері күтіліп отырған нөсер жауын салдарынан Алматы облысының таулы өзендерінде сел жүруі мүмкін,

  • 15 Шiлде 2011
  • 576
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды Қазгидрометтің мәліметтеріне сілтеме жасай отырып ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Ауа райын болжаушылардың мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанның басым аумағының ауа райына бұрынғыдай циклон және соған байланысты атмосфералық ағындар ықпал етіп, жаңбыр жауады, күн күркіреп, жел күшейеді, бұршақ жауу мүмкін. Республиканың батысы жауын-шашынсыз.

Ақмола облысының кейбір жерлерінде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғып, түнде тұман түседі.

Алматы облысының кей жерлерінде секундына 17-22 метр жылдамдықта жел соғып, бұршақ жауады, желдің күші секундына 25 метр жылдамдыққа жетуі мүмкін.

Павлодар облысында секундына 15-20 метр жылдамдықтағы жел соғады.

Маңғыстау облысында түнде тұман түседі.

Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде аптап ыстық болады.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, Алматы облысының солтүстігі мен Қарағанды облысының батыс аумағында күннің қатты ысуына байланысты жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар