Caravan Logo

Новосібірліктер Атырауда физика-математикалық жазғы мектеп ашты

Новосібірліктер Атырауда физика-математикалық жазғы мектеп ашты

Ол мектепте Новосібір мемлекеттік университетінің мамандандырылған оқу-ғылыми орталығының оқытушылары сабақ береді.

Мұнда 7-10 сынып оқушылары оқи алады. Олар физика және математикамен бірге, химия және биология пәндері бойынша да өз білімдерін кеңейте алады. Үздік оқушылар Новосібір университетіне оқуға түсуге шақыру алады. Қазір ол оқу орнында бірнеше ондаған атыраулық білім алып жатыр.

Жобаға демеу көрсетіп отырған «Теңізшевройл» мұнай компаниясы новосібірлік оқытушылардың жалақысын өз мойнына алып отыр.