Ресейлік кеденшілердің ақпараттарына сүйенсек, тауарды мемлекет шекарасынан заңсыз өткізу дерегі «Новосибирск-Главный» бекетінде жүргізілген арнайы іс-шара барысында анықталған. «Контрабандалық жүк екі вагонның технологиялық қуысында орналасқан арнайы жабдықталған жасырын жерде болған»,- деп түсіндірді Сибирь жедел кеденінің баспасөз қыземтінің басшысы Екатерина Бондаренко. Оның айтуынша, теміржол құрамы Қазақстан аумағынан келген.
Жедел қызметкерлер бірінші вагоннан қол сағаттың ірі топтамысын (1000 данадан астам), ал екіншісінен — 500 бірліктен асып жығылатын әйелдердің жазғы киімдерін тапқан. Аталмыш дерек бойынша ресейлік кеденшілер Ресей Федерациясының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 161-бабының 2-тармағы бойынша (тауарды кедендік бақылаудан жасыру) әкімшілік заң бұзушылық туралы іс қозғады. Алдын ала берілген мәліметтер бойынша, тәркіленген заттардың жалпы бағасы 400 мыңға жуық рубльді құрайды. Қазіргі уақытта барлық контрабандалық жүк уақытша сақтау қоймасына жабылған. Тергеу тауар иесі мен контрабанданы ұйымдастырушыларды анықтауда.
Сибирь жедел кеденшілерінің хабарлауынша, бұл Қазақстанның Новосибирск облысымен шектесетін аумағынан қытай тауарларын контрабандалық жолмен тасымалдаудың алдын алуға байланысты екінші жағдай. Екі апта бұрын ресейлік кеденшілер Павлодар — Новосибирск қалааралық автобустың екі жүргізушісін ұстаған болатын. Қазақстан азаматтарынан жедел қызметкерлер әйелдердің аяқ киімдерінің ірі топтамасын тәркілеген болатын. «Алыпсатарлар тауарды көліктің төбесіндегі кондиционердің люктеріне тыққан»,- деп атап өтті Е. Бондаренко.
Сибирь жедел кеденшілерінің баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, тек 2007 жылдың І-тоқсанында Батыс-Сібір өңірінде әкімшілік заң бұзушылық туралы 222 іс және халық тұтынуындағы тауарларды заңсыз әкелуге байланысты 5 қылмыстық іс қозғалған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті