Н.Тінәлиев артылған үмітті ақтамады, алғашқы кездесуінде-ақ швед балуанынан ойсырай ұтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н.Тінәлиев артылған үмітті ақтамады, алғашқы кездесуінде-ақ швед балуанынан ойсырай ұтылды

Н.Тінәлиев артылған үмітті ақтамады, алғашқы кездесуінде-ақ швед балуанынан ойсырай ұтылды

Бүгін Лондон Олимпиадасы аясында алғашқы жекпе-жегін өткізген

  • 7 Тамыз 2012
  • 461
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның грек-рим балуаны Нұрмахан Тінәлиев (120 кг дейін) швед спортшысы Йохан Еурен Магнустен ұтылып қалды.

1/16 іріктеу белдесулері бойынша өткен жекпе-жектің қорытынды есебі — 3:0. Қазақстанның балуаны Нұрмахан Тінәлиев бірде-бір ұпай жинай алмай, 2010 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Йохан Еурен Магнустан жеңіліп қалды.

Енді, ол үшін жарыс аяқталды. Ал Йохан Еурен Мажарстанның балуаны Михали Дик-Бардоспен белдеспек.

Еске салайық, дәл осы спортшы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының ресми ашылу салтанатында Қазақстан намысын қорғауға Лондонға аттанған отандық спортшылар делегациясының көшін бастап, еліміздің Көк байрағын алып жүрген болатын.