НТВ-Қазақстан жобасы - республикадағы телевизиялық журналистиканың дамуындағы жаңаша кезең болмақ - НТВ-ның Қазақстандағы өкілі - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
НТВ-Қазақстан жобасы - республикадағы телевизиялық журналистиканың дамуындағы жаңаша кезең болмақ - НТВ-ның Қазақстандағы өкілі

НТВ-Қазақстан жобасы - республикадағы телевизиялық журналистиканың дамуындағы жаңаша кезең болмақ - НТВ-ның Қазақстандағы өкілі

НТВ-Қазақстан жобасы - республикадағы телевизиялық журналистиканың дамуындағы жаңаша кезең болмақ. Бүгін, 19-желтоқсанда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында НТВ телеарнасының Қазақстандағы өкілі Евгения Доцук осындай пікір білдірді.

  • 19 Желтоқсан 2003
  • 927
Фото - Caravan.kz

Е.Доцуктың айтуынша, НТВ-Қазақстан жобасы — бірлескен жоба. Оның 20 процентін Ресейдің НТВ телеарнасы, ал 80 процентін «Рауан Медиа Груп» деп аталатын медиа-холдинг иемденеді. Ал «Рауан Медиа Груп»-ты «ҚазақМұнайГаз ҰК» ЖАҚ құрған. НТВ телеарнасының Қазақстандағы өкілінің хабарлауынша, арна мемлекеттік қаржыға құрылатындықтан оны «мемлекеттік деп санауға болады». Дейтұрғанмен жоба авторлары компанияның коммерциялық табысына үміт артады. Ресейдің НТВ телеарнасының бас директоры Николай Сенкевичтің айтуынша, «жоба бірінші кезекте экономикалық мақсатты көздейді».

Е.Доцуктың айтуынша, жаңа арнаны құруға қатысты барлық ұйымдастырушылық шаралар шешімін тапты, ал НТВ-Қазақстан арнасына хабар тарататын жиілік беру мәселесі 22-желтоқсан, дүйсенбіде телерадиожиіліктерді тарату жөніндегі тендерлік комиссияның отырысында қаралады.
Қазақстан журналистері одағының төрағасы, тендерлік комиссияға қатысушы Сейітқазы Матаевтың айтуынша, НТВ-Қазақстан арнасымен бірге жиілік алуға өтініш бергендердің арасында мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясы, Елордасындағы «АС-ТВ» телекомпаниясы мен басқа да бірқатар компаниялар бар. Отырыста Алматы, Қарағанды, Павлодар, Атырау және Шымкентте хабар таратуға құқық беру мәселесі қаралады. Е.Доцуктың айтуынша, бүкіл республика аумағына хабар тарату мүмкіндігіне ие болу — жаңа арнаның басты мақсаты болмақ.
Ал НТВ-Қазақстан арнасы хабар тарата бастағанда қазақстандық көрермендер ресейлік НТВ арнасының хабарларын тамашалау мүмкіндігінен айрылады. Өйткені, арнаның хабарларын жерде, кабельдік және спутниктік байланыс желісімен таратудың дербес эксклюзивті құқығына «Рауан Медиа Груп» қана ие болып отыр.
Николай Сенкевичтің айтуынша, жаңа арнаның тарататын хабарлары халықаралық НТВ-Мир телекомпаниясының бағдарламаларына негізделеді. Телеарнаны құрушылар Қазақстан заңнамасында қарастырылған барлық талаптарға бағынамыз деп отыр. Хабарлардың тең жартысы қазақ тілінде таратылып, республикада жасалған бағдарламалар жалпы көлемнің 80 процентін құрайды, ал қалған бөлігі ресейлік біртума бағдарламалармен толтырылады.
Баспасөз мәслихатына қатысушылардың хабарлауынша, НТВ-Қазақстан арнасын құрудағы басты мақсат- республика аумағынан тысқары жерлерде елімізге оңтайлы имидж қалыптастыру болмақ. Е.Доцуктың айтуынша, осыдан 2-3 жыл бұрын НТВ телернасындағы жаңалықтарды көріп отырып «өзіңді Қазақстан азаматы ретінде сезіну қолайсыздық туғызатын». «Біз республиканың тыныс-тіршілігінен, соның ішінде келеңсіз оқиғалардан да жан-жақты хабардар ететін боламыз. Сондай-ақ, «елдегі жетістіктерге де көңіл бөлеміз». Сол арқылы » Қазақстан азаматы ретінде қолайсыз сезінетін біртүрлі түйсіктен» арылуға жағдай жасалады. Осы мақсатпен НТВ-Қазақстан аясында ресейлік НТВ телеарнасының тілшілер қосыны құрылып, олар республикалық жаңалықтарды әзірлеуге кіріседі. Ресейдің НТВ телеарнасының бас директорының орынбасары Игорь Гойхбергтің айтуынша, республиканың оңды имиджін қалыптастыруға қазақстандық бағдарламалар да өзіндік үлес қосады. Сапалы әрі қызғылықты болған жағдайда ондай бағдарламалар халықаралық НТВ-Мир телеарнасының эфиріне шығарылады.
НТВ-Қазақстан арнасын құрудағы саяси астар туралы журналистер сауалына жауап берген Е.Доцук «бұл арнаның пайда болуы алдағы сайлауларға мүлдем қатысты емес» деп мәлімдеді. «Жобаны жасау жұмыстары екі жылға созылды»,- деді ол. Біздің басты көздейтініміз — НТВ сияқты ашық әрі демократиялық, сапалы әрі кәсіби арна құру деді НТВ өкілі.

Соңғы жаңалықтар