Бұл туралы Bekseit Adilov есімді Facebook қолданушы жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
"Бұл Тәуелсіздігімізге 30 жыл толғанда болған жағдай!" деп ашынған жазбасында.
"Олар "Қазақ әндері біздің концепцияға сәйкес келмейді" деген аргументті алға тартады. Ну, ептвм Юрий! Не істеп жүрсің?
Ең қызығы Ю.Негодюк бірінші жоғары білімін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында алған екен. Сонда бұл жігіт 5 жыл бойы қазақ әндерін, музыкалық аспаптарын тыңдап келіп, оқуды бітірген соң миында бірдеңе тұрып қалып, қазақ әндеріне тыйым салып тұр ғой.
Бұл жерде биліктің де кінәсі бар. Рамиль Мухоряповты қылмыстық жауапкершілікке тартудың орнына, олар бұл істі "жәйбірақат" жаба салды. Оны көрген Юрий сияқты "нандондар" қазақтарды, олардың мәдениетін менсінбейді", — деген.
Ең сорақысы аталған мейрамхана желісінде тіпті клиенттер қазақша ән сұрасада орындамау туралы астыртын талап қойылған көрінеді. Ондай жағдайда плей-листтте қазақша әндердің жоқ екенін айту керек немесе бірден менеджерді, болмаса, директорды шақыру қажет деген тапсырма болған сыңайлы.