Нұх пайғамбардың әйгілі кемесі қазақ жерінде қалған - германиялық уфолог Гиз Волфскинер - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұх пайғамбардың әйгілі кемесі қазақ жерінде қалған - германиялық уфолог Гиз Волфскинер

Нұх пайғамбардың әйгілі кемесі қазақ жерінде қалған - германиялық уфолог Гиз Волфскинер

Германиялық уфолог Гиз Волфскинер Нұх пайғамбардың әйгілі кемесі қазақ жерінде қалғанына шәк келтірмейді.

  • 27 Қазан 2012
  • 502
Фото - Caravan.kz

Ол Қазақстан аумағында адамзаттың жерден тыс пайда болуы туралы теорияға дәлел бар деп отыр.

Бұл туралы «Экспресс К» газетінің тілшісі Рүстем Омаров жазады. Оның мәліметінше, ежелгі діни әдебиет үлгілерін мұқият зерттеген неміс ғалымы аңызда айтылатын Нұх пайғамбардың ғажайып қонысы ғалам­шараралық кеме деген қорытындыға келген. Ғалымның жорамалы бойынша, белгілі бір кезеңдерде аспан денелерінің біреуі тіршілік үшін жарамсыз болып қалады. Есесіне тірші­лік иелері сол ғаламның бар ерекшелігінен қол үзіп, келесі бір кеңістіктен мекен табуы мүмкін. Адамзат та Жерге өзге әлемдегі жойқын апаттан қашып келген бо­луы ықтимал. Волфскинердің айтуынша, аңыздардағы тұспалға қарағанда, Нұх кемесі аялдаған құрлықаралық орталық — Қазақстан аумағы. Қазақ жерінен келешекте соған нақты дәлелдердің табылуы кәдік, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.

Соңғы жаңалықтар