"Нұр Отан" ереуіл салдарынан жұмыстан шығарылған мұнайшыларға жұмыс тауып береді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Нұр Отан" ереуіл салдарынан жұмыстан шығарылған мұнайшыларға жұмыс тауып береді

"Нұр Отан" ереуіл салдарынан жұмыстан шығарылған мұнайшыларға жұмыс тауып береді

Маңғыстау облысында қоғамдық кеңес құрылған, ол рұқсат етілмеген ереуілге қатысқандығы үшін мұнай компанияларынан жұмыстан шығарылған қызметкерлерге қолдау жасамақ.

  • 30 Маусым 2011
  • 350
Фото - Caravan.kz

Мұндай шешім сейсенбіде «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының саяси кеңесінің отырысында қабылданды, деп хабарлады «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің тілшісі.

«Жұмыстан босатылғандардың арасында жағдайды түсінбей, ереуіл ұйымдастырушылардың заңсыз арандатушылығына түсіп қалғандар бар. Партия лидері президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмыстан босатылған қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту туралы тапсырмасына орай «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы қоғамдық кеңес құруды шешті, ол кәсіпорындардан жұмыстан босатылғандарды жұмыспен қамту жағын қарастырады», деді отырыс барысында партияның облыстық филиалының төрағасы, аймақ әкімі Қырымбек Көшербаев.
Оның айтуынша, рұқсат етілмеген митингілер биылғы жылдың мамыр айынан бері Маңғыстау облысының еңбек ұжымдарында өтуде, онда шамамен 18 мың адам жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар